Архив событий

08/01/2015

Шолғыншылықта полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

08/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлімімен В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 2014 жылдың 22 желтоқсанында шамамен сағат  22.00-де патрульдік полиция қызметкерлері Қандыағаш қаласы  Жамбыл көшесінің бойында орналасқан үйлердің қасында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде былапыт сөздер айтып, қорқытып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай қасақана қарсылық көрсетіп, полицейдің бушлатының қолтығын жыртып тастаған.

Шетелдік Қазақстан Республикасындағы болу ережелерін бұзған

08/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлімімен Әзірбайжан Республикасының азаматы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, аз.А., 2015 жылдың 5 қаңтарында  №57 «Астана-Орал» жолаушылар пойызының №1 вагонында  шетел азаматы бола тұра «Қазақстан Республикасына келу, болу және кету» Ережелерінің талаптарын бұзып, миграциялық кәртішкесінде көрсетілген мерзімде  2014 жылдың 23 қазанында  кетуден бас тартқан.