Архив событий

06/01/2015

Сот төрелігін жүзеге асырудағы абыройлы 5 жыл

06/01/2015

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігімізді алып, ел болып, еңсе түзедік, өркениет жолына бағыт алдық, жас Қазақстан Республикасы аз уақыттың ішінде дүниежүзілік аренада басқа  елдерге кеңінен танымал болды.

Қызметтік автокөлігімен жол-көлік оқиғасын жасаған

06/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468-бабының 1-бөлімімен аз.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, 2014 жылдың 13 желтоқсанында шамамен сағат 14.30-та аз. .Б., Жаңажол кен орынының 115 шақырымында, «Lada 21214» қызметтік автокөлігін жүргізіп келе жатырып, рульге ие бола алмай, қарсы бағытында келе жатырған жүргізуші А.-ның басқаруындағы «С-А» ЖШС-не тиесілі ГАЗ 3102 автокөлігіне соқтығысып, абайсызда жол қозғалыс ережесінің 10.1-тармағын бұзып, материалдық залал келтіріп, жол оқиғасын жасаған.  

Шетелдік болу ережелерінің бұзған

06/01/2015

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлімімен Өзбекстан Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес,аз.С.,2014 жылдың  25 желтоқсанында №691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызының №5 вагонында шет ел азаматы бола тұра «Қазақстан Республикасына келу, болу және кету» Ережелерінің талаптарын бұзып, миграциялық кәртішкесінде көрсетілген мерзімде 2014 жылдың 18 қарашасынан кетуден бас тартқан.

Жол қозғалыс ережесімен камтамасыз етпеген

06/01/2015

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен аз.Н. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, аз.Н. 2014 жылдың 25 тамызында, «Митсубиси Монтеро» маркалы автокөлігін, салонда жолаушы аз.Ү.болып, сағатына 80 км. жылдамдықпен басқарып келе жатып, ҚР жол қозғалысы ережесінің 10,1 тармағының талаптарын ескермей, көліктің руліне ие бола алмай, көлікпен аударылып, нәтижесінде автокөлік салонында болған Б.Үсенованың абайсызда өліміне әкеліп соқтырған.

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

06/01/2015

Шалқар аудандық сотында жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстердің негізгі қағидаларын талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге аудан прокурорының көмекшісі Ж.Аманжолов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Т.Дүйсенов,   Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінің жол жүру инспекциясының аға инспекторы Ж.Жандоңғаров пен сот қызметкерлері  қатысты.

Жиында судьялар мен мамандар және Шалқар аудандық ішкі стер бөлімінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің кейбір тараулары бойынша баяндама жасады. 

Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігіне бағынбаған

06/01/2015

Мұғалжар аудандық №2  сотында ҚР ҚК-нің 360-бабының  1-бөлігімен  Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2014 жылдың  5 мамырында сағат 03-30 шамасында сотталған Б. тексеру жүргізу кезінде түнгі мезгілде ұйықтамай жүрген жерінен ескертпе жасаған кезде, құлақ аспай балағат сөздер айтып, қарсылық көрсетіп, киім кию үлгісі түзеу мекемесінің ішкі тәртібіне сай болмай, түзеу мекемесінің белгіленген өтеу режимін бұзып, он бес тәулікке айыптау орнына қамалған.