Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ай сайын «Ашық есік күнін» өткізу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты бүгін сотта аталған шара өткізіліп, сот төрағасы мен судьялар келушілерді қабылдады.

«Ашақ есік күні» өздерін мазалап жүрген сұрақтарымен Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторлары келді. Олар негізінен 2014 жылы жасалған құқық бұзушылықтармен қозғалған материал бойынша және жаңадан қолданысқа енген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен іс қозғау, олардың мерзімдеріне қатысты сұрақтарын қойды.

Келушілер көкейлерінде жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алып, ризашылықтарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпаратты қамтамасыз ету бөлімі