Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық №2  сотында сот мамандарының арасында «Гибридті электрондық пошта» және әкімшілік істер бойынша Талонды енгізу жөнінде пилоттық жобаларын семинарда талқылады.

Қеңсе меңгерушісінің м.а. А.Кушкенбаевамен  түсіндіру жұмыстарын жүргізілді, сот мәжілісінің хатшыларымен жіберілген СМС-хабарламаның жеткізілгендігі жөнінде есебі 24 сағат ішінде түспесе, сот шақыру қағазы 7 күн бұрын ГЭП арқылы жолдануы тиіс.  Сот шақыру қағаздарын ГЭП арқылы жолдаған кезде оның толық мекен-жайын, индексін көрсету қажет.

Семинар барысында сот процесіне қатысушыларға тиісінше хабарлау, сондай-ақ оларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша электрондық сот құжаттамаларымен танысу мүмкіндігін беру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға Талонды толтырып және әкімшілік іс материалдарына қоса тіркеу практикасын енгізуді бастамашылық етті. Сот мамандары сапалы СМС-хабарлама арқылы электрондық хабарлаулар жолдану бойынша жұмыстар әзірленсін.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі