«Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында «Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот төрағасы Н.Б.Ормаханов, судья К.М.Муратов, Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Э.Коргулина, Батыс Қазақстан өңірлік қоғамдық бірлестігі «Халықаралық құқық қорғау орталығы» филиалының басшысы С.А.Балпейсова, кәсіби медиаторлар С.Ш.Тулькубаева, Д.К.Саликова, Р.С.Кулимбетова, үкіметтік емес ұйымының өкілі Л.Ж.Забихова жәнеАқтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Г.А.Сундетбаева қатысты.

Сот төрағасы, өткізіліп жатқан іс-шараны ашу барысында, 31 қазан 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойып, аталған кодекс 01 қаңтар 2016 жылы заңды күшіне енгені туралы айтты. Аталған Азаматтық  процестік кодекстің негізгі жаңашылдықтарының бірі, ол сот шешімін шығармай жатып дауды қорғаушылардың  көмегімен реттеуге мүмкіндік беретін, партисипативтік келісім тәсілін енгізу болып табылады.

Судья К.М.Муратов осы балама түрдегі дауды реттеудің артықшылығы туралы, яғни қорғаушылар тараптарға заң талаптарын бұзбай даудың шешімін табу үшін, білікті заң көмегінің және келісімінің жобасын дайындау бойынша көрсететін көмегі туралы айтты. Қорғаушылар өздеріне сенім білдірушінің барлық құқықтық салдарын ескеруге тиіс, себебі ол, шешімнің келешекте орындалуын жеңілдетіп, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттырып, сот даулар бойынша азаматтардың арасындағы наразылығын төмендетеді және сот жұмыстарын азайтып жеңілдететінін ата өтті.

Іс-шара соңында жиынға қатысушылар азаматтық істерді қарау барысында партисипативтік рәсімді қолдану бойынша сұрақтарды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі