«Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе қалалық прокуратурасының, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің, Ақтөбе қалалық орта мектептерінің медиаторлары және кәсіби  медиаторлар мен Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысуымен  «Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде сот  төрағасы  Н.Б.Ормаханов қатысушылардың назарын, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық,  отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатындығын айтты.

Сонымен қатар, медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалатындығын және оған тараптар  немесе медиациялық келісім жасауға уәкілетті олардың заңды өкілдері қол қоятындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдары туралы өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі