Жас өспіріммен жасалынған ұсақ бұзақылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы бойынша М.-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, кәмелетке толмаған Б. айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп,  мектеп коридорында  мұғалімді балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған. Кәмелетке толмаған Б.-ның  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған әрекетіне оның заңды өкілі М.-ға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған  әкімшілік жаза ретінде 7айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 847 теңгеге айыппұл салып, мемлекет пайдасына өндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі