Халықпен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот-мәжілісінің хатшысы А.Коханова екі мәрте Кенес Одағының батыры Т.Я.Бегельдиновтың атындағы Әуе Қорғаныс Күшетрінің әскери институтының офицерлері және курсанттарымен «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы» және «Жемқорлық-қоғамға төніп тұрған қауіптілік» тақырыбында кездесу өткізді.

Бас маман сот-мәжілісінің хатшысы А.Коханова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы – дамыған 30 елдің қатарына кірудің бірден бір жолы екенін атап кетті.

Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған міндеттерді іске асыру үшін, өмірдің барлық салаларын шоғырландыру қажет. Бағдарламалық мақала халыққа жолдау және ұлттың рухани жаңғыруына бағытталған үлкен дәрежеде жалғастыру болып табылатынын айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сілтеме жасай келе түсіндірме жүргізді, яғни  сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсіндірді.

Іс-шара аяқталуы бойынша қызықты іс-шараны үшін өз алғыстарын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі