Студенттермен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе гуманитарлық  техникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Кеңсе меңгеруші Г.Ақмолдина «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында кеңсе меңгеруші студенттерге дыбыс-бейне жазу құрылғылары орнатылған сот отырыс залдарын көрсетті. Соттың ғимаратымен таныстыру экскурсиясынан кейін сот кеңсе меңгерушісі Г.Ақмолдина Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңын түсіндіру бойынша студенттермен әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, сот отырысына қатысушылар «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген жағдайда, іс бойынша істі қарау уақыттарын қарап отыруға мүмкіндік бар екендігін атап өтті. Істің қаралу уақыты бұзылған жағдайда процеске қатысушылар Ақтөбе облысы бойынша Соттар әкімшісіне Call-center – ге осы нөмір бойынша +7(7132) 70-48-34  телефон соғып және What’s App месенджеріне +7 747 770 94 06 хат хабарласуға болатынын айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар алған мәліметтері мен қызықты экскурсия үшін алғыс сөздерін  білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі