МЕҰ-мен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы Ж.Ж.Жүсіпова «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді. «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қызметкерлері арасында «Алқабилер туралы» сұрақтары талқыланды.

Кездесу барысында кеңсе бас маманы Ж.Ж.Жүсіпова «Алқабилер туралы» ҚР Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алқабиге үміткер кім бола алатын туралы, олардың жұмысы және де мамандандырылған қылмыстық сотының жалпы жұмысы туралы атап өтті.

Кездесу барысында орталық қызметкерлері өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға жеткілікті жауап алды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі