Сот ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы және сот мамандары 93 жастағы Ұлы Отан Соғысының ардагері Аккенжин Мақай Аккенжинұлын құттықтады.

Кездесу барысыңда ардагер Ұлы Жеңіс күні, жолдастары, өзінің ерліктері және соғыс туралы баяндады.

Аккенжин Мақай Аккенжинұлы Ақтөбе облысының Темір ауданында 12 қаңтар күні 1925 жылы туды. Соғысқа 1943 жылы шақырылып, украин-белорус майданында соғысқан.

1944 жылдың қазаныңда Прибалтикаға дейін жетіп, оқтан кеуде жарақатын алған. Жарақаттан жазылып, 1946 жылы өз Отанына оралып, туған ауданында жұмыс жасады.

Кездесу соңында судья Алтынбек Сабыров ардагерді сот атынан келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, жарқын болашаққа деген сенімділігі мен ерлігі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық, жақын туыстарына амандық тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі