Айыппұл жасөспірімнің ата-анасына салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жасы кәмелетке толмаған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  2017 жылғы 31 шілдеде шамамен 16 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, 312 атқыштар дивизиясы даңғылында орналасқан «Автовокзалдың» жанында, яғни қоғамдық  орында темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастаған, яғни айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орнын ластаған, сөйтіп ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің (ҚР ӘҚБтК) 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 66 бабының 1-бөліміне сәйкес 15 883 көлеміндегі әкімшілік айыппұл, кәмелетке толмаған тұлғаның ата-анасының біріне салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі