Алға аудандық сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында «Медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі шешу институтын енгізу және дамыту» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ш.Алматова мен Батыс Қазақстан облысы бойынша медиаторлар қоғамының басшысы А.В.Куртаева, Алға ауданының кәсіби медиаторы  Ж.К.Мухамбеткалиева, полиция учаскілік инспекторлары, Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.А.Аппазов, Алға аудандық әкімшлігінің заңгері Б.Досымов, Алға ауданы бойынша мектептер мен мектеп бала-бақшаларының кәсіби емес медиаторлары, аудандық аурухана өкілі,  Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің редакторы Б.Изтлеуов қатысты.

Семинар сабағының барысында Ақтөбе облыстық сотының судьясы Б.Ш.Алматова мен Батыс Қазақстан облысы бойынша медиаторлар қоғамының басшысы А.В.Куртаева «Медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі шешу институтын енгізу және дамыту» тақырыбына сай баяндамалар оқыды.

Семинар сабағына қатысушылар отырыста  «Медиация институтын қоса алғанда, дауларды сотқа дейінгі шешу институтын енгізу және дамыту  тақырыбы бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын айтып, сондай-ақ сұрақтар қойып, қызу талқылады.

Семинар сабағының соңында Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.А.Аппазов аудан бойынша жиналған кәсіби емес медиаторларға куәліктер табыс етіп, істеріне сәттілік тіледі.

            

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі