Архив событий

23/01/2017

Освобожден от отбывания наказания

23/01/2017

13.12.2016 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау» туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 2-бөлімінің 2-тармағына сәйкес жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар жазадан босатылады.

Хромтау аудандық сотында 2016 жылы соттың атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

23/01/2017

Шараға сот төрағасының міңдетін атқарушы судья С.Т.Жумашкина және «Хромтау» газетінің өкілі қатысты. Баспасөз маслихат барысында судья С.Т.Жумашкина статистикалық санатта сотпен қаралған істердің, атап айтқанда қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Хромтау ауданыдқ сотымен  2016 жылы барлығы 102 адамға қатысты 91 қылмыстық іс, 1441 азаматтық іс және 711 әкімшілік іс қаралған.

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

23/01/2017

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк аудандық ІІБ-де тергеушілер мен анықтаушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу

23/01/2017

Мәртөк адандық соты аз.Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) әкімшілік іс қарады.

Балық аулау қағидаларын бұзған

23/01/2017

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бітімгершілік келісім бекітілді

23/01/2017

Жеке кәсіпкер  «С» жауапкер «А» ЖШС-нен  27 928 000 теңге мөлшерінде залалды және сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

2017 жылғы 23  қаңтардағы  сот ұйғарымымен тараптардың өзара келісімдері  бойынша  бекітілген бітімгершілік келісіміне сай жауапкер  11 000 000  теңге мөлшерінде залал келтіргенін мойындап,   қарыздың бір бөлігін яғни, 5 000 000 теңгені 2017 жылдың 07 наурызына дейін, қалған 6 000 000 теңгені  2017 жылдың 07 қарашасына дейін өтеуге міндеттелді.

Проведен семинар на тему «Вопросы, возникающие при рассмотрении споров по договорам поставки»

23/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тауар жеткізілімнің шартынан туындайтын даулар» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.К.Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Л. М. Бисенова «Тауар жеткізілімнің шарты» тақырыбын баяндады.

Ұялы телефонды ұрлады

23/01/2017

19.01.2017 жылы  жылы Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөліміне сәйкес бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша азамат Т.-ға қылмыстық іс қарады.

Дөңгелек үстел өтті

23/01/2017

Қарғалы аудандық сотында «Гендерлік теңдіктің стратегиясы» тақырыбына ҮЕҰ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.