Балық аулау қағидаларын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, А. 2017 жылғы 7 қаңтарда шамасында Темір ауданы Алтықарасу ауылына қарасты «Т» атты жердегі Ойыл өзенінен тыйым салынған құралдармен, яғни балық аулау үшін жасақталған синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен жасалған балық аулайтын, түйінді  аумен балық аулап, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын өрескел бұзған.

Темір аудандық сотының қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып және әкімшілік жаза ретінде оған 45 380 теңге айыппұл салынсын.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі