Архив событий

16/01/2017

Сотпен медиативтік келісім бекітілді

16/01/2017

Ақтөбе қалалық сотымен Ж.-ның жауапкер Ж.-дан ғимаратты жалдау, коммуналдық қызмет үшін қарыз ақшаны, өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 01 қазанда талапкер Ж. мен жауапкер Ж. арасында тұрғын үйді жалдау бойынша келісімшарт жасалып, оның шарттарына сәйкес, жауапкер ай сайын 200 000 теңге төлеп тұруға міндеттенді.

Алайда, жауапкер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, жалға алу бойынша қарыз ақша сомасы 132 000 теңгені құрады.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, автокөлікті мас күйінде басқарған

16/01/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608-бабының  6-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер), азамат К.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Айыптау үкім шығарылды

16/01/2017

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, яғни бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

«Сот отырысына БАҚ өкілдерін өткізу туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

16/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында сот отырысына БАҚ өкілдерін өткізу туралы тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шараға БАҚ-пен жұмыс үйлестіруші  судья Ж.М.Сейтжапаров, судья Н.Е.Кендирбаева, сот мамандары, «Мұғалжар» газетінің редакторы А.Есқара және «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының» ММ -нің қызметкерлері қатысты.

Тараптар медиациялық келісімді бекітті

16/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «К» АҚ «Ж»  жеке кәсіпкерінен 918 896 теңге мөлшерінде соманы қайтарып,  жағдайды бастапқы қалыпқа келтіру  туралы талап арызымен жүгінді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің  179-бабының 4-тармағына сәйкес істі қарап жатқан судьянынң өндірісіне, тараптардан дауды медиациялық келісім арқылы шешу туралы өтінімі келіп түсті.

Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарған

16/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 8 қаңтарда 01 сағат 40 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесіндегі «Тұрмыстық қызмет көрсету» ғимаратының қарсысында, алкоголді мас күйінде «Suada Superd» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлі

«Дауды сотқа дейін және сотта реттеу барысында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолданылуы» тақырыбында семинар

16/01/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Дауды сотқа дейін және сотта реттеу барысында «Медиация туралы» ҚР Заңының қолданылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева, кәсіби медиатор А.Казиева және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Қобда аудандық сотында семинар-кеңес өткізілді

16/01/2017

Қобда аудандық сотында кеңсе мамандарының және МКҚБ ММ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Қобда ауданы бойынша  өкілдерінің қатысуымен БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды пайдалану бойынша семинар-кеңес өткізілді.  

2016 жылдың 12 айында татуластыру рәсімдерінің қолданылуы

16/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында «2016 жылдың 12 айында татуластыру рәсімдерінің  қолданылуы» атты  брифинг өтті. Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина татуластыру рәсімдерін қолдану тәртібімен аяқталған істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа сұхбат берді.

Ювеналдық сот рөлі мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

16/01/2017

Ақтөбе қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті жанындағы колледжінде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Ювеналдық сот рөлі мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәріске  колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты.

2016 жылдың 12 айы бойынша соттың жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

16/01/2017

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2016 жылы 12 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер саннатары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

«БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды сотта пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді

16/01/2017

Мұғалжар  ауданының №2 аудандық   сотында  «БАҚ өкілдерінің кәсіби әрекеттеріне байланысты техникалық құралдарды сотта пайдалану» тақырыбында семинар  өткізілді.

Аталған шара соттың БАҚ-мен координаторы судья Ж.Кунаеваның, сот мамандарының, ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) мекемесі қызметкерлерінің және «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Балымбетовтың  қатысуымен өтті.

Ойыл аудандық сотында 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

16/01/2017

Ойыл аудандық сотында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова мен «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2016 жылдың 12 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.