Архив событий

11/01/2017

Медиативтік келісім бекітілді

11/01/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы И.-дің жауапкер «А.» ЖШС-дан 246 450 теңге көлемінде еңбекақы сомасын, 500 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арыз талаптарын, «А.» ЖШС-де жауапкердің қазан бөлімінде «Пешші» лауазымында қызмет атқарғандығымен уәждеді. Алайда, жауапкер 2016 жылдың қаңтар – наурыз аралығындағы 246 450 теңге көлемінде еңбекақысын төлемеді.

Әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды

11/01/2017

Байғанин аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Қодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) Е.С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Е.С. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

11/01/2017

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингтте аудандық соттың судьясы М.Мұхамбетқалиев Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша іс қаралғанын айтты.