Архив событий

24/01/2017

Әйтеке би аудандық сотында семинар сабағы ұйымдастырылды

24/01/2017

Әйтеке би  аудандық сотында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мухамбеткалиев және  кеңсе мамандары қатысты.

Жеке қабылдау өткізілді

24/01/2017

Мәртөк аудандық сотта азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, әр дүйсенбі күні сағат  10ºº-16ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

«Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау»

24/01/2017

Ырғыз аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет – өту режимін сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған шараға соттың ұжымы және Ақтөбе облыстық «Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасы» ММ полиция қызметкерлері қатысты.

Шараның өткізілу мақсаты – өту режимін сақтау және нығайту, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

24/01/2017

Хромтау аудандық сотында судья Е.А.Жеткерген, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлімімен қаралған ірі кәсіпкерлік субъектісі ЖШС «К»-ға  қатысты әкімшілік ісі талқыланды.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/01/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат Б.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жылдығына рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел

24/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында аудандық сотының төрағасы, судьялары, прокуратура, көлік прокуратурасы, ішкі істер бөлімінің, желілік полиция  бөлімінің және  пробация қызметі бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жылдығына рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Қаруды заңсыз тасымалдау және сақтау

24/01/2017

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мас жүргізуші отыз тәулікке қамалды

24/01/2017

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы Б.Ж.-ға қатысты бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Судьялар мен медиаторлар дөңгелек үстелде бас қосты

24/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында аудандық сотының судьялары кәсіби және кәсіби  емес медиаторлармен дөңгелек үстелде бас қосты.

Дөңгелек үстелде  аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина  Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі бойынша медиация тәртібімен татуласу рәсімдерінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.                                                                                            

Балаларының тәрбиесімен айналыспаған

24/01/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  127-бабының 2-бөлімімен (әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жасы кәмелетке толмаған  балаларын тәрбиелеу мен  оқыту жөніндегі  міндеттерін орындамау) Г.-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Ақтөбе облысының маманданырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық іс бойынша медиациялық келісімі бекітілді

24/01/2017

«Қазақтелеком» АҚ  жеке кәсіпкер Ж. 918 896  теңге мөлшерінде соманы қайтарып,  жағдайды бастапқы қалыпқа келтіру  туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің  179-бабының 4-тармағына сәйкес істі қарап жатқан судьянынң өндірісіне, тараптардан дауды медиациялық келісім арқылы шешу туралы өтінімі келіп түсті.