Архив событий

20/01/2017

Оқиға орнын тастап кеткені үшін 30 тәулікке қамалды

20/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына азамат  Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс барысында анықталғандай, ол көлік жүргізу құқы жоқ бола тұра, 2016 жылдың 26 желтоқсаны күні шамамен 10 сағат 30 минутта, Ә.Молдағұлова даңғылындағы №58 үйдің қарсысында, «Opel» автокөлігін басқарып келе жатып ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.8 тармағының талабын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер

20/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» атты тақырыпта брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы А.Е.Мусина және  «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі Д.Ерболатқа  сұқбат берді.

Темекі қалдығын лақтырып екі тәулікке қамалды

20/01/2017
Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) Ш.-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  азамат Ш. 2017 жылғы 9 қаңтарда Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданындағы үйдің алдында, темекі лақтырып,  ластап, бір жыл ішінде қайталап, ұсақ бұзақылық жасаған.

«Дауды партисипативтік рәсіммен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/01/2017

Қарғалы аудандық сотының төрағасы  Н.Аманкулова төрағалығымен «Дауды партисипативтік рәсіммен реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарғалы аудандық сотының судьясы, сот мамандары және Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

«Жер заңының қолданылуымен қаралатын оның ішінде жерді мәжбүрлеп алып қою жөнінде қаралатын азаматтық істер» тақырыбында дөңгелек үстел

20/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жер заңының қолданылуымен қаралатын оның ішінде жерді мәжбүрлеп алып қою жөнінде қаралатын азаматтық істер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ойыл аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/01/2017

Ойыл аудандық сотында  аудандық орталықтандырылған кітапханасымен бірігіп «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ойыл аудандық сотының қызметкерлері, аудандық прокурорының көмекшісі А.Өмірсеріков, аудандық мемлекеттік мекемелерінен жас қызметкерлер қатысты.

Автокөлікті бірнеше рет алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін сотталды

20/01/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Дау медиация тәртібімен реттелді

20/01/2017

Ақтөбе қалалық сотымен Б.-ның жауапкер «Н» ЖШС-нен денсаулыққа ауыр зақым келтірілгені үшін 2 000 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Әйтеке би аудандық сотында семинар сабағы өтті

20/01/2017

Әйтеке би  аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев және кеңсе мамандары қатысты.

Мәртөк аудандық сотында дөңгелек үстел өткізді

20/01/2017

Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, қорғаушы А.Турмагамбетов, үкіметтік емес ұйымдар  «Болашақ» ҚБ, «Жастар ресурстық  ҚБ өкілдері М.Қайролла және  А.Утаралина, «Мәртөк бизнес-инкубатор» қоғамдық қорының басшысы Е.Лещенко, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қ.Шудабаев,  «Мәртөк ауданының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бірлестігінің басшысы С.Садуанов мен «Атамекен» Мәртөк ауданы бойынша кәсіпкерлік палатасының басшысы Б.Длимовтың қатысуларымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру 

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

20/01/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сот отырысына мәжбүрлеп әкелу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы А.Ж.Балмұханов, судьялар, қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлім бастығының орынбасарлары, қорғаушылар, қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына  судья Е.М.Абдықалықов дөңгелек үстел тақырыбына сай баяндама оқыды.

Тіркелмеген мылтықты сақтағаны үшін жауапкершілік

20/01/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат Г.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

«Ашық есік» күні өткізілді

20/01/2017

Ырғыз аудандық сотының төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес кезекті «Ашық есік» күні өткізілді.

Іс-шарасының міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін жұртшылыққа қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ай сайын ұйымдастырылатын шараға өздерінің көкейіндегі мәселелермен келген жүгінушілер аз болған жоқ.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты колледж оқушыларына лекциялық сабақ өткізді

20/01/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы Н.Б.Ормаханов Ақтөбе мұнай және газ колледжінің оқушыларына «Көрінеу жалған ақпарат тарату – қылмыстық бап» атты тақырыпқа лекциялық сабағын өткізді. Лекциялық сабаққа 2-ші курс студенттері мен колледж мұғалімдері қатысты.