Архив событий

30/01/2017

Қобда аудандық сотында брифинг өткізілді

30/01/2017

Қобда аудандық сотында «100 нақты қадам» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг өту барысында судья Ш.Е.Есжанова және «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай қатысты.

Билік өкілін қорлады

30/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (билік өкiлiн қорлау) У.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі  қаралды.

Семинар-тренинг өтті

30/01/2017

Қазіргі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы сатысында жемқорлықты жою мемлекеттің экономикалық және саяси тұрғыдан дамуының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Жемқорлық елдің халықаралық қоғамдағы беделіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, оның дамуына кедергі болып, мемлекеттің түрлі салаларында жағымсыз көрініске ие болады.

Әскери қызметкер бұйрық тәртібін бұзды

30/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әскери қызметшіге қатысты іс қаралды.

2017 жылдың 24 қаңтарында әскери полиция бөлімінің уәкілетті тұлғасымен әскери қызметкер С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлімінде (бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік өндіріс қозғалған.

Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

30/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға «Ақтөбе облысы бойынша мемелкеттік кірімтер департменті» РММ өкілдері Т.Алдабергенов, Д.Нургалиева, «Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ өкіл» А.Орынгалиева,  прокурор А.А.Аязбаева сот төрағасы Е.К. Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Судья Әлия Жалғасқызы Назарова баяндама оқыды.