Архив событий

10/01/2017

Бітімгершілік келісім бекітілді

10/01/2017

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Ж.-тың жауапкер Ж.-дан пәтерге орналастыру, пәтерді пайдалану тәртібін анықтау, банктік қарыз шарты бойынша қарызды ортақ қарыз деп тану, араларындағы неке бұзылған сәттен бастап банктік қарыз шартына сәйкес төленген қарызды және сақтандыру сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Семинар сабағы өткізілді

10/01/2017

Хромтау аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Таргенова  сот мамандардың арасында «Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік әдепті сақтау жаднамасын зерттеу, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киіміне негізгі талаптар» тақырыбына семинар өткізді.

Шалқар аудандық сотының судьяларымен көшпелі дәріс сабақтары өткізілді

10/01/2017

Шалқар аудандық сотының судьялары А.Маханбетов пен С.Дәріқұлова Шалқар ауданы бойынша кірістер басқарасының, Шалқар аудандық білім бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен, соттағы соңғы жаңалықтар және құқықтық сауатылық бойынша дәріс сабақтарын өткізді.