Архив событий

25/01/2017

Полиция қызметкерінің масаң күйін куәландырудан өту туралы талабын орындамады

25/01/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 5 қаңтарда Ақтөбе қаласы, Прохоров көшесі бойында Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.4 тармағының талабын бұзып, полиция қызметкерінің масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған, сөйтіп Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-бөлімінде (ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау)

Көлiк құралын тоқтату туралы талапты орындамаған

25/01/2017

Әйтеке би аудандық сотында көлiк құралын тоқтату  турлы заңды талабын орындамау фактісі бойынша азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  613-бабының 1-бөлігімен әкімшілік ісі қаралды.

Дау медиация тәртібінде аяқталды

25/01/2017

Мұғалжар аудандық сотымен   талап қоюшы Н. жауапкер У-дан  қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Н. сотқа жауапкер У.-дан  бережақ сомасы  927443 теңге өндіруді сұрап жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келісімге келді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өтті

25/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында аудандық және көлік прокуратуралары, аудандық ішкі істер бөлімінің, Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімінің және пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Сотта «Ашық есік күні» өтті

25/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында ай сайын «Ашық есік күнін» өткізу жолға қойылған.

Осыған байланысты сотта аталған шара өткізіліп, сот төрағасы келушілерді қабылдады.

Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

25/01/2017

Шалқар аудандық сотында 22.12.2016ж. №№28-V Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тақырыпта  семинар сабақ  өткізілді.

Шараға сот төрағасы О.Бақтыгереев, судьялар және  соттың  мамандары қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

25/01/2017

Ойыл аудандық сотында азамат К.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.