Архив событий

17/01/2017

Аң аулау тәртібін бұзған

17/01/2017

Азамат Т. бұрын Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382бабының 1бөлігімен әкімшілік жауапкершілкке тартыла отырып, қайтадан «Алға» тіркелген аңшылық шаруашылық аумағында Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 38-бабының 5-бөлігінің 26-тармағының талабын бұзып, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз аңшылықпен айналысқан.

Түнгі қалада кәмелетке толмағанның заңды өкілінсіз қыдыруы

17/01/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушы туралы Кодексінің  442-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотталғанға рақымшылық жасалды

17/01/2017

Мұғалжар аудандық сотында Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің Н.-ға қатысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай Рақымшылық» Заңына сәйкес тағайындалған негізгі жазасынан босату туралы ұсынысы қаралды.

Мұғалжар аудандық сотының үкімімен аз.Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (ұрлық) кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға орнатылған.

Студенттермен кездесу

17/01/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлық-заң колледжінің «Құқықтану» және «Құқық қорғау органы» мамандығы бойынша 2 курс және 3 курс  студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Судья А.Молдағалиев «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Медиация тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аяқталды

17/01/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, азамат  А. өзімен бірге тұратын заңды некеге  тіркелмей  бірге тұратын  зайыбы С-ға қорлап тиісіп, үйінің тыныштығын бұзып, отбасы - тұрмыстық қарым қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Семинар сабақ өткізілді

17/01/2017

Қарғалы аудандық сот қызметкерлерінің арасында «Дыбыс-бейне жазу жүйесін сот отырыстарында қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы түйткілді мәселелерді шешу жолдары

17/01/2017

Байғанин аудандық сотында «Атқарушылық іс жүргізу саласындағы түйткілді мәселелерді шешу жолдары» деген тақырыпта семинар-тренинг болды. Оған аудандық соттың ұжымы мен Байғанин аудандық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Қ.Е.Ізтұрғанов қатысты.

Семинар-тренингте төраға Ж.Б.Қуанышев Конституциямызға сәйкес елімізде сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратындығы; Сот билігінің беделі – оның шығарған шешімдерінің қаншалықты сапалы орындалуына да байланысты екендігі туралы айтты.

2016 жылдың 12 қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

17/01/2017

Қарғалы аудандық сотымен 2016 жылдың 12 айы бойынша жергілікті БАҚ өкілінің және сот қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Н.О.Аманкулова 2016 жылда сотпен атқарылған жұмыстары бойынша статистикалық мағлұмат берді.