Архив событий

26/01/2017

Мәртөк аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

26/01/2017

Мәртөк аудандық сотында «Мемлекеттік тілде құжаттарды рәсімдеу тәртібі туралы» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова және кеңсе мамандары қатысты.

Әйтеке би аудандық сотында семинар өткізілді

26/01/2017

Әйтеке би аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Медиация заңын насихаттау» туралы тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, судья М.Мұхамбетқалиев,  кеңсе мамандары, Әйтеке би аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы  Х.Ниязов, кәсіпқой емес медиатор К.Баязитұлы және жергілікті «Жаңалық Жаршысы» газетінің редакторы Е.Әбдіраев қатысты.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы «РИКА-ТВ» телеканалының тікелей эфирінде болды

26/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Нұрлан Амантұрлыұлы Бақтығалиев «РИКА-ТВ» телеканалында «Сөзіңіз аузыңызда» бағдарламасында «Ақпараттық дүңгіршек қызметі» туралы сөз қозғады.

«Қылмыстық процестегі тінту және алу жүргізу өндірісінің құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/01/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық процестегі тінту және алу жүргізу өндірісінің құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Татуласу рәсімдері, дауды (жанжалды) медиация және партисипативтік рәсімдеу тәртібімен келісіп шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/01/2017

Ырғыз аудандық сотында Ырғыз ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдар  өкілдерінің қатысуларымен «Татуласу рәсімдері, дауды (жанжалды) медиация және партисипативтік рәсімдеу тәртібімен келісіп шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жұмысшылар құқығы қорғалды

26/01/2017

Шалқар  аудандық  сотына  заңсыз  ұсталған әлеуметтік табыс  салықты  жұмыс берушіден өндіріп алу туралы «Қожа» ЖШС-нің 15 жұмысшысы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында зерттелген іс құжаттары бойынша он бес  жұмысшының еңбек ақысын есептегенде жұмыс беруші оларға төленетін экологиялық төлемдерден әлеуметтік табыс салығын ұстап, «Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 156-бабының 1-тармағының 12- тармақшасының талаптарын бұзғаны  анықталды.

Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

26/01/2017

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, В.Т. 06.01.2017 ж. «Астана-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының вагонында былапыт сөйлеп, лас сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, жеке тұлғалардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Әкімшілік қамаққа алынды

26/01/2017

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) В.Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бадамша ауылында орналасқан пәтерінде В.Г. тіркелмеген некедегі әйелі О.-ны былапыт сөздермен балағаттаған.

Өзінің іс-әрекетімен В.Г. отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға сыйламаушылық көрсетіп, жеке пәтерде оның тыныштығын бұзатын әрекеттер жасаған.

Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған

26/01/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат И. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-бөлімі бойынша (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып 45380 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,.

Сауда тәртібін бұзған

26/01/2017

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) М.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, М. 2017 жылғы 10 қаңтарда Темір ауданы Шұбарқұдық кентінде орналасқан «Б» азық-түлік дүкенінде сатушы болып, 21 жасқа толмаған азамат Н.-ға екі шыны «Березовка» арағын сатқан.

Рақымшылық жасау туралы Заңға сәйкес жазадан босатылды

26/01/2017

Шалқар аудандық соты Шалқар аудандық пробация қызметінің сотталған адам С.-ке қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы»Заңына сәйкес негізгі жазадан босату туралы ұсынымын қарады.

Сотталған адам С. Шалқар аудандық сотының 03.05.2015ж. үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, бір  жыл пробациялық бақылау белгіленген.