Архив событий

19/01/2017

Сотпен денсаулыққа зиян келтіру бойынша талап арыз ішінара қанағаттандырылды

19/01/2017

Ақтөбе қалалық сотымен Е.Айтимовтың жауапкер «АктобеГорДорСтрой» ЖШС-дан санитарлық – курорттық және қосымша емдеуді, қосалқы құралдармен, жұмыспен қамтамасыз етуге міндеттеу, 1 000 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды. 

Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

19/01/2017

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат М. қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдары бойынша, азамат М. ТОЗ-БМ маркалы екі ұңғылы  аңшы мылтығын ішкі істер органына тіркелмеген қаруды заңсыз ұстаған.

 Сот отырысында құқық бұзушы М. өзінің әкімшілік құқық бұзғанын толық мойындап, қару атасынан қалғанын, бұрын ішкі істер бөлімінде тіркелмегенін, қаруды көшеге  алып шыққанда  полиция қызметкерлерінен ұсталғанын айтты.

Статистикалық есепке бұрмалау жасаған

19/01/2017

Ойыл аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 498-бабының 1-бөлігі (құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін ұсынудан бас тарту, ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар) бойынша құқық бұзушылық жасағаны азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өткізді

19/01/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  сот төрағасы Н.Сұлтанов,  сот судьялары мен мамандарының қатысуымен  2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өткізді.

Көрсетілген мерзімде Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне барлығы 74 адамға қатысты 36 қылмыстық іс түсті.

Сот жауапкер «А» ЖШС-нен 4 000 000 теңге өндіруді шешті

19/01/2017

Ақтөбе қалалық сотында Г.И. жауапкер «А» ЖШС-нен 5 000 000 теңге моральдық залалды өндіру, талаптың мәні бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар Д.И., Ж.А. жауапкер «А» ЖШС - нен моральдық залал өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

19/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Керек инфо» газетінің өкілінің қатысуымен азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді.

Судьялар Ж.С.Жұбатова мен  М.К.Шарипова брифинг барысында жер дауларына қатысты талапкер  «Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасы» ММ-нің жауапкерлер «Ника-99» ЖШС-не, «Нариман» ЖШС-не және «Сүйіндік» ШҚ-на тиесілі жер учаскелерін  мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы азаматтық ісер бойынша мәлімет берді.