Архив событий

27/01/2017

Ашық есік күні өтті

27/01/2017

Қарғалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.  Дәстүрлі шара аясында сотқа келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Н.О Аманкулова қабылдады.

Аталған  іс-шара халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

«Ашық есік күніне» келген   С.Т.-ның  жер дауына, материалдық-моральдық шығынды өндіру туралы сауалдарына аудандық соттың төрағасы жауап берді.

Ашық есік күні

27/01/2017

Қобда аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізіп, дәстүрлі шара аясында аудандық соттың төрағасы А.Т.Анарбаев  азаматтарды қабылдады.

 «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқытық мәдениетті арттыру,  азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқтады

27/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер Б. жауапкер   «А» ЖШС-нен                   қарыз сомасын  өндіру туралы азаматтық іс қаралды.  

Тараптардан істі бітімгершілік келісімімен аяқтау туралы өтініш түсіп, келесі талаптар қойылды: жауапкер «А» ЖШС бекітілген бітімгершілік келісіміне сай 345 000   теңге мөлшерінде қарызды   2017 жылдың 13 ақпанына дейін және 34 500 теңге мөлшерінде сот шығындарын да 2017 жылдың 13 ақпанына өтеуге міндеттелді.

«Мемлекеттік тілдің беделі – өз мерейіміз»

27/01/2017

Байғанин аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің беделі – өз мерейіміз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот ұжымы, аудан прокуроры А.Б.Әбіләкім, аудан бойынша аға сот орындаушысы Қ.Е.Ізтұрғанов қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

27/01/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе меңгерушісі М.Минтаевтың бастамасымен  мамандардың арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында  семинар сабағы  өткізілді.

Медиация әдісін қолдану

27/01/2017

Мәртөк аудандық сотында «Медиация әдісін қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот төрағасы М.Дүйсен, Мәртөк ауданының прокуроры М.Орақбаев,  Мәртөк аудандық ІІБ-нің бастығының орынбасары Р.Шарипов, қорғаушылар А.Турмагамбетов және Н.Кульжанов,  кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова қатысты.

 Сот төрағасы М.Дүйсен  Қазақстан Республикасының  «Медиация туралы» заң талаптарына  тоқталды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында брифинг өтті.

27/01/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Қонақбаевтың  қатысуымен брифинг өтіп, судья Ж.Кунаевамен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 132-бабының 1-бөлімімен (кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру)  азаматша К.-ға қатысты  әкімшілік ісі бойынша түсінік берілді.

Алимент төлемегені үшін қамалды

27/01/2017

Мұғалжар аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы О.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.                                              

Іс құжатында, құқық бұзушы О.  кәмелет жасқа толмаған баланы асырап бағу үшін, табысының 1/2 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, оның алимент бойынша берешегі 834564  теңгені құраған.