Проведен семинар на тему «Вопросы, возникающие при рассмотрении споров по договорам поставки»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тауар жеткізілімнің шартынан туындайтын даулар» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Е.К.Қанапиев және сот судьялары қатысты.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  Л. М. Бисенова «Тауар жеткізілімнің шарты» тақырыбын баяндады.

Судья өз баяндамасында ҚР Азаматтық кодексіне сілтеме жасап, сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенетiнін; сатып алушы үшiншi тұлғалардың құқықтары   жүктелген    тауарды      қабылдауға келiскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшiншi тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге мiндететенетінін; егер тауарға үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы сатып алушының бiлгендiгi немесе бiлуге тиiс екендiгi дәлелденбесе, сатушының бұл мiндеттердi орындамауы сатып алушыға сол тауардың сатып алу бағасын кемiтудi не шартты бұзуды және залалдарды өтеудi талап ету құқығын бередi.

Сатушы сатып алушыға беруге мiндеттi тауар оны сатып алушыға берер кезде, егер тауардың бұл талаптарға сәйкестiгiн айқындаудың өзгеше жағдайы шартта көзделмесе, осы бапта көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс және қисынды мерзiм шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланылатын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс екендігін түсіндіріп өтті.

Жиынды қорытындылай келе, семинар қатысушылары өзара пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі