Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк аудандық ІІБ-де тергеушілер мен анықтаушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.А.Нуршарыпов Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесстік Кодексінің талаптарын түсіндірді, яғни мүлікке тыйым салу тәртібі, мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі, қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар және мүлікті тәркілеу туралы. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

Кездесу сонында судья Е.А. Нуршарыпов полиция қызметкерлердің күрделі сұрақтарына жауап берді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі