Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк адандық соты аз.Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) әкімшілік іс қарады.

2017 жылы 12 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы 13 жылдық Қазақстан ауылында құқықбұзушы аз.Ж.-ның үйінен 1 бөтелке«Снежная королева»  спирт ішімдік өнімін міндетті рұқсаттама құжатынсыз сатқаны  және 1 бөтелке сақтағаны анықталып, әкімшілік құқықбұзушылық жасады.

Сот құқықбұзушы аз.Ж-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 34 035 теңге әкімшілік айыппұл салды, спирт ішімдігін және құқықбұзушылықтан шыққан табысы 900 теңгені тәркілеу қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі