Дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Гендерлік теңдіктің стратегиясы» тақырыбына ҮЕҰ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы семинар сабағына қатысушыларға айтып жеткізу.

Өз сөзінде сот төрағасы Н.Аманкулова қазіргі таңда Қазақстанда гендерлік теңдік саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жүргізілетініні жөнінде атап өтті. Атап айтқанда, Конституцияның 14 бабының 2 тармағында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» - деп көрсетілген.

Қазақстан БҰҰ-ның және басқа да ұлтаралық ұйымдардың  әйел құқығы туралы аса маңызды Конвенциялары мен Декларацияларына қосылды. Бұл әйел адамның саяси құқықтарын іске асыру саласында жағдайды жақсартуға, және жасырын мен ашық гендерлік жағынан кемсітуге  жол бермеуге өз үлесін қосты. Еліміздің БҰҰ-ның «Әйел адамға қатысты кемсітудің барлық нысанын жою туралы», «Әйел адамның саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» Конвенцияларына қосылу Қазақстан әйелдерінің саяси құқықтарын жүзеге асыру аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлтаралық еңбек ұйымының әйел және балалар құқығына қатысты бірнеше актілеріне қол қойды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі