Жол көлік оқиғасының салдарынан жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiрілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында құқық бұзушы Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Н. 2017 жылдың 17 шілде күні  сағат 07.00-дың шамасында, маркасы «Volkswagen Passat» автокөлігін Қарабұтақ-Қостанай жолында басқарып, сол жолдың 46 шақырымында, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің 10.1, 11.5.6 тармақтарын  бұзып, қарсы бағытқа  жүруге арналған жолға шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан, маркасы «Lada - 21902» автокөлікке соғып, көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтіріп, көлік құралын оң жақ бетіне аударып, көлік ішіндегі болған жолаушының  денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген. 

Соттың қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 34 035 теңге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі