Жол көлік оқиғасының нәтижесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде  ҚР ҚК-нің  296 бабының 2 бөлімімен сотқа берілген  аз.У. деген азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда:  17 шілде 2014 жылы Ақтөбе қаласында аз.У., оның автокөлік құралын пайдалану құқығы жөніндегі уақытша құжатының мерзімі өтіп кетсе де, «Оpel-Vectra» автокөлігін басқара отырып Қазақстан Республикасының Жол Қозғалыс Ережесінің 2.1.1 тармағындағы «Механикалық көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда – осы көлік құралына иелік етуді немесе пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжаты болуы міндетті» талабын бұзып, 312 атқыштар дивизиясынан Мира даңғылы жағынан Қорайлы поселкесіне қарай автокөлік жолының екінші жолағымен жоғары жылдамдықпен жүргізіп келе жатырып, жол үстіндегі қозғалыс үдемелілігін, көлік құралы ерекшелігін және жай – күйін, жол жағдайын ескермей, соған орай жол қозғаласының кауіпсіздігін камтамасыз ететіндей кауіпсіз жылдамдықты сақтамай, КР ЖҚЕ- нің 10.1 тармағындағы «Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда қозғалыс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшілігін және жай- күйін, қозғалыс бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізуі керек. Жылдамдық жүргізушіге Ереженің талаптарын орындау үшін көлік құралының қозғалысына тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін камтамасыз етуі керек. Қозғалысқа жүргізуші анықтай алатындай кедергі және /немесе/ кауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшін кауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолдануы тиіс» деген талаптарын бұзып, өз жолында ҚР ЖҚЕ- нің 5.16.2 тармағындағы реттелмейтін «Жаяу жүргіншілер өтпесі» бар екенін біле тұра, осы жолдың У. «Шалқар» дүкеніне қарама-қарсы қиылысында реттелмейтін «Жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісінде өз автокөлігінің жүру бағытымен жолдың оң жақ бірінші жолағы бойында белгісіз анықталмаған жүк автокөлігінің тоқтағанын көріп, автокөліктің алдынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншінің бар – жоқтығына көз жеткізбестен, бұл іс - әрекеттері қоғамға кауіп туғызуы мүмкін екенін алдын – ала біле тұрса да, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сеніп, қылмыстық менменділікпен, жоғары жылдамдықпен жүрісін жалғастырып, ҚР ЖҚЕ – нің 14.2 тармағындағы «Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесі алдында аялдаса немесе қозғалыс баяулатса, көрші жол жолағы бойымен қозғалушы басқа көлік құралдарымен жүргізушілері аялдаған немесе қозғалыс баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалыс жалғастыра алады» және 16.1 тармағындағы «Жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа кауіп туғызбайтын және зиян келтірмейтіндей іс қимыл жасауы тиіс» деген талаптарды бұзып, автокөліктің қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан сол жаққа қарай «жаяу жүргінші өтпесімен» кесіп өтіп бара жатқан жүргінші Ш. басып кеткен.       

Нәтижесінде қылмыстық істің салдарынан аз.Ш. Ақтөбе қалалық жедел - жәрдем ауруханасының жан – сақтау бөлімшесінде есін жимастан сол күні қайтыс болған.

 Соттың үкімімен аз.У. ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, оны 4 (төрт) жыл бас бостандығынан айыру жазасына және 3 (үш) жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі