Архив событий

15/10/2014

Қарғала аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

15/10/2014

Қарғалы аудандық сотында «Қылмыстық заңның және Қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және  Қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Мас күйінде жол көлік оқиғасы жасаған

15/10/2014

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБТК-нің 467 бабының  3 бөлігімен  аз.С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалы бойынша, 04 қазан 2014 ж. сағат 00-шамасында аз.С. Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесінің бойында Лада-21214 маркалы автокөлігін алкогольдық мас күйінде басқарып келе жатып жолдың жағдайын ескермей,  сол көшедегі «Нұрсәт» дүкенінің алдында тұрған аз.Ө.-ның басқаруындағы Mazda-626 маркалы  автокөлігіне соғып,  ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Хромтау аудандық сотында дөнгелек үстел

15/10/2014

Хромтау аудандық сотында 2014жылдың 15 қазан күні  аудандық прокуратураның қатысуымен  жаңа қабылданған қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстердің негізгі новеллалары мен ережелерін біркелкі және дұрыс қолдану жөнінде және азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау бойынша лдерінің  дөңгелек үстел өтті.

Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

15/10/2014

Хромтау аудандық сотында талапкер аз.С. жауапкер аз.К. зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істің мәні бойынша, талапкер аз.С. жауапкер аз.К. зиянды өндіру туралы сотқа арызданған, себебі 2014 жылдың сәуір айының 11-де сағат 16-00-де жауапкердің ас үйінде кран шланғысы үзіліп, ыстық су дәріхананы басып кеткен. Осы нәтижеде дәріханының сауда залының төбесіне зиян келтірілген, жауапкер 185000 тенге көлемінде материалдық зиян келтірді,  соттан материалдық шығын мен сот шығындарын өндіруін сұрады.

Жабайы өскен сораны жоюға әрекет жасамаған

15/10/2014

Әйтеке би аудандық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 318-бабымен аз.Ш. қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сай, 2014 жылдың 12 қыркүйек күні, жедел алдын-алу шараларын өткізу кезінде, Жамбыл ауылында тұрып жатқан Ресей Федерациясының азаматы Ш.-ның бақшасынан ерекше иісі бар өсімдік 48 түп сораны анықтап алды. Ол жабайы өскен сораны жоюға әрекет жасамағаны анықталған.

Судья құқық бұзушылықтың сипатын, оның өкінгенін ескеріп, аз.Ш.. көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5556 теңге әкімшілік айыппұл салынды.