Архив событий

30/10/2014

Балық аулау ережелерін өрескел бұзған

30/10/2014

Ойыл аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 298-1-бабының 2-бөлігімен аз.Б.қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сай, аз.Б. 2014 жылдың қазан айының 22 күні,  Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылының маңында, Ойыл өзенінде балық аулау ережелерін өрескел бұзып, балық аулауға рұқсат қағаздары болмай,  балық аулауға тыйым салынған құралдармен, яғни қытайлық полиамидті монониттен жасалған 2 дана аумен балық аулап, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру ережесін және ҚР ӘҚБтК-нің 298-1-бабының 2-бөлігінің талаптарын бұзған.

Мұғалжар ауданының №2 сотында брифинг өтті

30/10/2014

30 қазан 2014 жылы Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексін түсіндіру мақсатында брифинг өтті.

Іс-шараға сот төрағасы А.Сабыров, аудандық прокуратура, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару инспекциясы, КА-168/5 мекемесінің өкілдерінің қатысуларымен  өтті. Брифингте  жаңа кодекстің ерекшелігі мен айырмашылығы талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Көліктегі құқық бұзушылық

30/10/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен аз.К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек: Ақтау қаласының тұрғыны аз.К. 2014 жылдың 18 қазанда «Маңғыстау-Астана» бағытындағы №37 поездың №3 вагонында К. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орында былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерді сыйламаушылық білдіріп, жолаушылардың тыныштығын бұзып,   ұсақ бұзақылық жасаған.

Судья оның өзінің кінәсін мойындағанын, ескеріп, оған 5556 теңгеге айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.