Архив событий

02/10/2014

Медиациялық келісіммен қылмыстық іс қысқартылды

02/10/2014

Шалқар аудандық сотында ҚР ҚК-нің 257-бабының 1-бөлігімен азамат Ж. қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық істің мәні бойынша, 11.09.2014 жылы сағат 23.00 шамасында Шалқар қаласы, Қобландин көшесінде өзінің «Нива» маркалы автокөлігімен келе жатып, «Е» дүкенінің алдында қоғамды анық құрметтемеуін білдіріп,  бұзақылық ниетте, еш себепсіз  аз.К. тиісіп, оны қолының жұдырығымен сол  жақ қасының тұсынан үш рет ұрып бұзақылық жасап, ол осы әрекетімен жәбірленуші К. денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, ҚР ҚК-нің 257-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасаған.

Ауыр қылмыс жасаған

02/10/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық соты,  ашық  сот отырысында  Г-ға қатысты ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлігі «б» тармағымен қылмыстық іс қаралды.