Архив событий

27/10/2014

Шетелдік азаматша Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

27/10/2014

Алға аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 394–бабының 3–бөлігімен аз. А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматшасы А. 29 қараша 2012 жылы Қазақстан Республикасына келіп, Алға аудандық ІІБ-нің көші-қон полиция бөлімінде 2012 жылғы желтоқсан айының 04  мен 28 аралығында Алға қаласы, Ағниязов көшесі,  ҚР-ның азаматы А-ның үйінде уақытша тіркелген, алайда көші-қон карточкасында белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасынан қайтып шықпаған.

Ойыл аудандық сотында семинар сабақтары өтті

27/10/2014

Ойыл аудандық сотында Ақтөбе облыстық сотында ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша өткізілген кеңейтілген жалпы отырыста айтылған мәселелер мен алдағы уақытта жұмыс барысында ескеруді қажет ететін мәселелер бойынша аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы судья Ш.Ж.Жәмиевтің төрағалық етуімен семинар өткізілді. 

Мас күйінде бұзақылық жасаған

27/10/2014

Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлімімен азамат Ш. қатысты  іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ол  арақ ішкен мас күйінде  өз үйінің басконынан сыйымдылығы 0,5 литр болатын «Кристалл» арағының бөтелкесін лақтырып, нәтижесінде азаматша С. иелігіндегі «Митцубиси» автокөлігіне зақым келтірген, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабының 1 бөлімінде  көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.