Архив событий

10/10/2014

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

10/10/2014

09  қазан 2014 жылы Ақтөбе облыстық сотының кеңсе басшысы Әсет Галимжанович Мамбетов  ТРК АҚ «Қазақстан-Актөбе» телеарнасында «Адам және Заң» бардарламасына қатысып, сұхбат берді.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

10/10/2014

Мәртөк аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігіне сай қылмыстық іс қаралды.

Іс мәні бойынша, сотталушы аз. А. 2014 жылдың тамыз айында сағат 14-00 шамасында Ақтөбе облысы Мәртөк ауылы «Е» сауда үйінде қасақана, пайдакүнемдік ниетімен, ұрлық жасау мақсатында бөтен адамдардың болмау себебін пайдаланып, жәбірленуші аз.Л. сүмкесінен 35 000 теңге ақшасы бар әмиянды ұрлап алған, сонымен жәбірленушіге 35 000 теңгеге материалдық зиян келтірген.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтті

10/10/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өтті.

Кездесуді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Н.Т.Сұлтанов  жүргізді, іс-шараға Ақтөбе политехникалық колледжнің 3 курс студенттері  қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе соттың қандай істерді қарайтыны, азаматтардың алқа билер қатарына қалай енетіні, заңгер мамандағының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды. 

Қарғала аудандық сотымен көшпелі семинар сабақтары өткізілді

10/10/2014

Қарғалы аудандық сотымен «Сот кабинеті арқылы сотқа талап арыздарды жолдау тәртібі туралы» көшпелі семинар сабақтары өткізілді

Өткізілген іс-шара барысында аға сот приставы З.С.Биманова аудан ұйымдары «Бадамша-Сервис» КММ-не, Қарғалы ауданы бойынша салық басқармасына және Қарғалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тақырыбында семинар сабақтарын өткізді.

Семинар аясында арыздарды жолдау тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетіп түсіндірді және барлық туындаған сұрақтарға жауап берді.