Архив событий

17/10/2014

Ақтөбе облыстық сотында жұмыс нәтижелері қорытындыланып, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді

17/10/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында 2014 жылдың 9 айында облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмысы мен облыс соттарының жаңа технологияларды сот жүйесіне енгізудің алғашқы нәтижелері бойынша брифинг өткізілді.

Бітімгершілік келісім бекітілген

17/10/2014

Ақтөбе қалалық сотпен талап қоюшы аз.М. жауапкер аз.Л. 1 015 000 тенге өндіру туралы азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды.

Сот отырысы барсында талап қоюшы жауапкеркерден 2014 жылдың 14 шілде айына дейін 1 015 000 теңге қолхат бойынша қарызға алғаны анықталған. Жауапкер өзіне алған міндеттерін орындамай, талап қоюшының қарызды қайтаруға өтінішін мәніне алмаған, сол себепті аз.М. сотқа жүгінді.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды

17/10/2014

Темір аудандық сотында талапкер аз.Б.Н. сотқа берген талап арызында жауапкерлер аз.Б.Т.пен аз.Ж.Х. ар-намысына тигізген нұсқан ретінде 8000000 теңге моралдық зиян өндіруді және негізсіз айыпты теріске шығаруды сұраған.

Қылмыстардың жиынтығы

17/10/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының ҚК –нің 178- бабының 2-бөлігі «А,Б.В,»тармағы, 96-бабының 2-бөлігімен «В,Д,Ж,К» тармақтарымен айыпталған И. қатысты және  Қазақстан Республикасының  ҚК –нің 178-бабының 2-бөлігі «А,В» тармағы, 96-бабының 2-бөлігінің «В,Д,Ж,К» тармақтарымен айыпталған К. қатысты қылмыстық іс қаралды.