Архив событий

29/10/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотында баспасөз мәслихаты өтті

29/10/2014

Бүгін  Ақтөбе қаласының №2 сотында 2014 жылдың 9 айы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау және қоғамда қызығушылық тудырған істер бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Оған сот төрағасы, А.Балмұқанов, судьялар, БАҚ өкілдері ішінен: «Рика ТВ», телеарнасы мен«Актобе Таймс», «Диапазон» газетінің тілшілері қатысты.

Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы соттөрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот істерін жедел қарау, сондай-ақ мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті көтеруге бағытталған кешенді шараларға тоқтала кетті.

Кәсіпкерге материальдық залал келтірді

29/10/2014

Қарғалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабымен  2 бөлімінің «в» тармағымен аз.Д. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарға сәйкес, 09 шілде 2014 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы Бадамша ауылында, аз.Д, алкоголизммен ауыратын және алкоголизмнен еріксіз емдеуді қажет ететін, қасақана өз пайдасы үшін, ұрлық жасау мақсатымен, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылыныда, Пацаев көшесі үйде орналасқан «А» дүкеніне заңсыз кіріп, жеке кәсіпкер У. тиесілі мүлікті тонап, оған 188490 теңге материалдық залал келтірген. 

Қарғала аудандық сотында брифинг өтті

29/10/2014

Қарғалы аудандық сотында  «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін жаңғырту» тақырыбына брифинг өткізілді.

Іс шараға судья К.Абдыхалыков және «Қарғалы» аудандық газетінің тілшісінің қатысты.

Брифинг аясында судья К.Абдыхалыков кезекті әкімшілік заңнаманы реформалау жөнінде түсіндірді. Сонымен қатар, жаңа ӘҚБтК-де қызметкерлердің жауапкершілігі  құқықтарға қысым жасау  еңбек саласында кемсіту, яғни қызметкерлердің еңбектеріне сай  ақы төленетіндігі жөнінде қаралған жаңа құқық бұзушылық құрамы  енгізілді.                             

Қылмыстық іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

29/10/2014

Шалқар аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігімен аз.А. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарға саәйкес,  аз.А. букмекрлік кеңседе осы кеңсенің бас есепшісі С.-ның 45 000 теңге салынған әмияның ашық түрде ұрлап алып кеткен.

Сот отырысында сотталушы аз.А. кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап, оған келген зиянды толық өтегенін айтты. Жәбірленуші аз.С. сот отырысында сотталушы аз.А. келтірілген зиянның есесін толтырғанын көрсетіп, қылмыстық істі медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартуды сұрады.

Медиативтік келісім бекітілді

29/10/2014

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "B" ЖШС "СЭ" ЖШС-нен 14 566 364тг қарыз және 713 500тг өсімпұл өндіру туралы азаматтық  іс қаралды.

Талапкер "B" ЖШС "СЭ" ЖШС-нен 14 566 364тг қарыз  713 500тг өсімпұл және 511 987,92 тенге  92 тиын мемлекеттік баж  өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында тараптар медиатор А. қатысуымен медиациялық әдіспен дауды шешуге келісім шартты бекіту туралы өтініш білдірді.

Шарт бойынша жауапкер "СЭ" ЖШС өз міндетіне талапкерге 15 092 184 өтеп беруге міндеттеледі.