Архив событий

08/10/2014

Сот анықтаушының өтінішін қанағаттандырды

08/10/2014

Хромтау аудандық сот кеңсесінде ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасы ҚК - нің 296 - бабының 3 - бөлігімен айыпталған аз.М қатысты сот алдында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру өтінішін қарады.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

08/10/2014

Қобда аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігі «в» тармағымен айыпталған  азамат Ф-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2014 жылдың 25 тамыз күні сағат 03.00 шамасында, Қобда ауданы Терисаккан ауылында  Астана көшесінде орналасқа «Куаныш» дүкенінің  сыртқы есігінің ілуілі кұлпын жүлып алып, ішіне заңсыз кіріп 8 дана  «Кока-кола» бағасы 1200 теңге, 2 дана «Сарыағаш» бағасы  200 теңге салқындыш ішімдіктерді және 30000 теңге ақшалай ұрлаған, сөйтіп жәбірленуші Д-ға 31400 теңгеге материалдық шығын келтірген.

Қайталанған құқық бұзушылық

08/10/2014

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 бабының 2 бөлімінің 2-тармағымен азамат  Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.