Архив событий

03/10/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық соты сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

03/10/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күніне арналған сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Аталмыш мерекені ұйымдастырудағы мақсат – сот жүйесінің ардагерлерін құрметке бөлеу, жас ұрпаққа үлгі ету, сот жүйесінің дамуына қосқан үлестерін дәріптеу, қоғамдық өмірге араластыру, лайықты қолдау көрсету.

Мұғалжар аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

03/10/2014

ҚР Президентінің 2014 жылғы 09 сәуірдегі өкімімен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне,  жетілдірілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және  қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай  мемлекеттік іс-қимыл жоспарына сәйкес ҚР Жоғарғы Сотының төрағасымен іс-шаралар жоспары бекітіліп облыстық және оған теңестірілген соттарға орындауға түскені барлығымызға мәлім.

Мұғалжар аудандық сотында сот төрағасы С.Тасымбетовтің баспасөз мәслихаты өтті

03/10/2014

Кеше Мұғалжар аудандық сотының оқу орталығындасот төрағасы С.Тасымбетовтің баспасөз мәслихаты өтті.

Аталған баспасөз мәлихатына сот төрағасы С.Тасымбетов, судьялар Ж.Сейтжапаров, А.Мусина, кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина және «Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшілеріМ.Жуманбетова қатысты.

Кездесуде сот төрағасы аудандық соттың ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті, соның ішінде есептік кезеңде 49 қылмыстық іс, 588 әкімшілік іс және 1430 азаматтық іс қаралғанын жеткізді.