Архив событий

21/10/2014

Мәртөк аудандық сотында 2014 жылдың 9 айлық соттың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз- мәслихаты өткізілді

21/10/2014

Мәртөк аудандық сотында 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз-мәслихаты жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі А.Қалпиеваның қатысуымен жұмыс қорытындысы талқыланды. Пресс-мәжілісінде көптеген сұрақтар қойылды. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды. Сонымен қылмыстық істер бойынша 2014 жылы 9 айында 84 іс қаралса, ал 2013 жылдың 9 айында 106 қылмыстық іс қаралды, яғни биыл  22 қылмыстық іске қаралуы азайды.

Қылмыс жасаған үстінде ұсталған

21/10/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотымен  ҚР ҚК-нің 24 бабының 3 бөлімі, 178 бабының 2 бөлімінің «а»тармағыменс азамат Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Мәртөк аудандық сотында 2014 жылдың 9 айлық соттың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

21/10/2014

Мәртөк аудандық сотында 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз мәслихаты жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі А.Қалпиеваның қатысуымен жұмыс қорытындысы талқыланды. Пресс-мәжілісінде көптеген сұрақтар қойылды. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды. Сонымен қылмыстық істер бойынша 2014 жылы 9 айында 84 іс қаралса, ал 2013 жылдың 9 айында 106 қылмыстық іс қаралды, яғни биыл  22 қылмыстық іске қаралуы азайды.

Азаматтық іс тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты қысқартылды

21/10/2014

Шалқар аудандық  сотында талапкер аз.С. жауапкер аз.Д. қарыз ақшасын  өндіру  туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында талап қоюша аз.С. 2012 жылы жауапкер аз.Д. 37 000 теңгеге қарызға зат сатып, бірақ осы күнге дейін жауапкердің талап қоюшыға  қарызын  төленбегені анықталып, ол сотқа жүгінген.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар келесі шарттармен бітімгершілік келісімге келген: жауапкер  аз.Д. талап қоюшы  аз.С. 37 000 теңге көлемінде қарыз ақшасын 3 ай ішінде төлейді,  ал талап қоюшы  өз кезегінде талап арыздан бас тартады.

Ұйғарым  заңды күшіне енді.

Кәмелетке толмағанның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

21/10/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанның заңды өкілі  азаматша Б. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабының 1-1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау кезінде  кәмелетке толмаған В. өзінің таныстары Е. және Т.-мен қоғамдық жерде сыра ішкендігі анықталды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстелде» жаңа Кодекс талқыланды

21/10/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының жаңа үлгісіне ауысуға бағытталған, «Жаңадан қабылданған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға облыстық соттың судьясы Е.Жапаров, судьялар, қалалық прокуратурадан,  ішкі істер Департаментінен, оның басқарма, бөлімдерінен, Қылмыстық атқару жүйесінен, сот актілерін орындау Департаментінен, Әділет басқармасынан өкілдер, сонымен қатар, «Қазақстан-Ақтөбе»   телеарнасының тілшілері қатысты.