Архив событий

01/10/2014

Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні қарсаңында аудандық соттар құттықтады

01/10/2014

 1 қазан - Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні, Ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнін атап өтудегі мақсат – қарттарымызды құрметке бөлеу, жекелеген мәселелеріне, аға ұрпаққа үлгі ету, қала және ел дамуына қосқан үлестерін дәріптеу, қоғамдық өмірге араластыру, мұң-мұқтаждарын, талап-тілектерін мүмкіндігінше орындап, лайықты қолдау көрсету.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

01/10/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 356-бабының 3-бөлімімен «Орта мектебі» ММ-ніңдиректоры аз.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, мектеп директоры аз.А. «Орта мектебі» ММ-де, мектеп учаскесінің аумағын қоршаумен қамтамасыз ету бойыншахалықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын,және санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің нұсқамасын орындамаған.

Судья, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, 9260теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Мейрам қарсанында Мәртөк аудандық соттың ұжымы ардагерлерді құттықтады

01/10/2014

Мәртөк аудандық соты  2014 жылдың 1 қазан - Халықаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күніне орай сот жүйесінің ардагерлерді құттықтау іс шаралар өткізілгенін хабарлайды. Қазіргі таңда  Мәртөк  ауылында отставкідегі судья Олжаш Жақсылык Әбжалиұлы 33 жылдан астам сот жуйесінде жұмыс арқарған, соның ішінді 2010 жылдын тамыз айынан 2013 жылдың қырқұйек  айына дейін Мәртөк аудандық сотының төрағасы лауазымында.

Хромтау аудандық соттын ұжымы ардагерды құттықтады

01/10/2014

Еңбек және 1 қазан – Халықаралық  ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күндері қарсаңында Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Мұқанов, кеңсе меңгерушісі А.Таргенова  еңбек ардагерін   Т. Искаковты    және оның отбасын құттықтады,   85 жастағы ардагерге денінің саулығын, әлі де ұзақ өмір сүруін тіледі, Хромтау аудандық сотының ұжымының атынан естелікке сыйлық тарту етті.

Шалқар аудандық сотының ұжымы «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнімен» құттықтады

01/10/2014

Жыл сайын 1- қазанда күздің ерекше мерекелерінің бірі «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күні» мерекесін атап өтіледі. Бұл күні жылы алғыс сөздерімізді ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен, республиканың дамуына, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқан, төзімділік пен рухқа үйреткен әкелеріміз бен аналарымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге арнаймыз.

Мұғалжар аудандық сотының ұжымы «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнімен» құттықтады

01/10/2014

2014 жылдың 01 қазан күні Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.Е.Мусина, кеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина және кеңсе жетекші маманы К.Ж.Килбаева болып, Ұлы Отан соғысының ардагері Әділов Кеулімжай үйіне ұжымның атынан «Халыққаралық ұрпақтар ынтымақтастығы және Қарттар күнімен» құттықтап барды.

Судья А.Е.Мусина К.Әділовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өміртілеп, жылы лебіздерін білдіріпазық-түліктерін ұсынды.

Өз кезегінде ардагер К.Әділов, көрсетілген құрмет үшін Мұғалжар аудандық сотының ұжымына үлкен алғысын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.