Архив событий

28/10/2014

Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

28/10/2014

Шалқар аудандық сотында  Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, аз.Д. Шалқар ауданы Бегімбет ауылында  алкогольдық масаю  күйінде, қоғамдық тәртіпті  сақтау  жөніндегі өз қызметтік  міндеттерін  атқарып  жүрген Шалқар АІІБ-нің  учаскелік  инспекторларының заңды талаптарына қасақана бағынбай, оларды лас сөздермен балағаттап, қарсылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат Д. ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, жеті тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Дау медиация тәртібімен шешілді

28/10/2014

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Д" ЖШС "ТЭ" ЖШС-нен 2 400 000тг қарыз өндіру және 120 000тг тұрақсыздық өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер "Д" ЖШС "ТЭ" ЖШС-нен 2 400 000тг қарыз өндіру және 120 000тг тұрақсыздық өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында тараптар медиатор  Қ. қатысуымен медиациялық әдіспен дауды шешуге келісім шартты бекіту туралы өтініш білдірді.

Шарт бойынша жауапкер "ТЭ" ЖШС-гі өз міндетіне талапкерге 2000000 теңге  өтеп беруге міндеттеледі.

Жалған құжат

28/10/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде  ҚР ҚК-нің 325 бабының 1 бөлімімен Е. азаматшаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, 2014 жылдың 11 қаңтар айында 16 аз.Е., Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі орналасқан «Ц-Г» сақтандыру компаниясының ғимаратында, азамат К. қасақана ниетпен, №001248330717 және №001248330718 санды міндетті түрдегі техниқалық байқаудан өтті деген куәлігін жалған жасап, азамат К. заңсыз түрде 14 000 теңге алған.