Архив событий

24/10/2014

Алаяқтық фактісі бойынша үкім жарияланды

24/10/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлімінің «б» тармағымен аз.К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, тұрақты табысы жоқ  аз.К.  азаматтардан алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша табу жолын жоспарлаған. Қылмыстық жоспарын аз.К. алаяқтық жолмен мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын мемлекеттік жер қорынан төмендетілген бағамен инвидуальдық тұрмыстық құрылысына өндіруге сәулетті ауданынан жер учаскесін алып беретін өзінің танысы бар екенін айтып, ұсыныс келтіреді.

Көлік құралдарын жүргізуге құқығы болмаған

24/10/2014

Қобда аудандық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 8 бөлігімен   азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы К . 2014 жылдың 10 қырқүйек күні сағат 23.25 шамасында  арақ ішкен мас күйінде, көлік құралдарын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, мемлекеттік нөмері 813 ВСА 04, маркасы «Лада 21114» көлік құралын жүргізіп, Қобда ауданы Бестау ауылында жол –потрулдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы аз.К. өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінде.

Облыстық сотта «Өлең – сөздің патшасы ... » атты әдеби кеш өтті

24/10/2014

Ағымдағы жылдың 23 қазанында облыстық сотта Ақтөбе облысының сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Өлең – сөздің патшасы ... » атты мемлекеттік тілді жетік меңгерген сот мамандары мен судьялар арасындағы әдеби кеш өткізілді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамадандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты

24/10/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамадандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 2014 жылдың қазан айының 23-ші жұлдызында «2014 жылғы 9 айында атқарылған  сот жұмысының  қортындысы бойынша және Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу жаңа кодекстерін талқылау» тақырыбында пресс-конференциясы өткізілді.

Осы шараға сот төрағасы Н.Т.Сұлтанов, судья М.А.Сисенова және  БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қайталапған әкімшілік құқық бұзышылық

24/10/2014

Қарғала аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 4-бөлігімен аз.Э. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарға сәйкес, 16 қазан 2014 жылы аз.Э маркасы ГАЗ-3110 транспорттық құралын, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданында, Ақтөбе – Орск автожолының 69 км «ҚазМұнайГаз» ТҚС-ға қарама-қарсы, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, яғни  2011 жылы 17 қазанда ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігімен екі жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған, осымен ҚР ЖҚЕ т.т. 2.7.1 бұзған.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өтті

24/10/2014

2014 жылдың 23 қазанда Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қылмыстық істер жүргізу кодексін түсіндіру мақсатында Мұғалжар аудандық прокуратурасы, ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару инспекциясы, КА-168/5 мекемесінің өкілдерінің қатысуларымен семинар өтті.

Аудандық   сот төрағасы А.Сабыров пен судья Ж.Қонаева семинарға қатысушыларға жаңа кодекстердің ерекшеліктері мен қазіргі қолданыстағы кодекстер мен арадағы айырмашылығын түсіндіріп, өзара пікір алмасты.

Ішкі істер қызметкерлерінің бағынбаған үшін жауапкершілік

24/10/2014

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 20 қазанында ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен  азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2014 жылдың 09 қазанында, Қобда ауылында орналасқан «Ақжол» кафесінде аз.У., полиция қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде, олардың заңды талабына, яғни Қобда АІІБ-не бару талабына, әдейі бағынбаған, сөйтіп ҚР ӘҚБтК 355-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

24/10/2014

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен аз.С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, азамат С.  Шалқар қаласы Әйтеке би  көшесінің  бойында  алкогольдық мас  күйінде, қоғамдық тәртіпті  сақтау  жөніндегі өз қызметтік  міндеттерін  атқарып  жүрген Шалқар АІІБ-нің  учаскелік  инспекторларының заңды талаптарына қасақана бағыбай, оларды лас сөздермен балағаттап, қарсылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Қарғала аудандық сотында брифинг өтті

24/10/2014

Қарғалы аудандық сотында 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді,  брифингке, аудандық «Қарғалы» газетінің тілшісі И.Спанова қатысты. Осы брифингте сот төрағасы Р.Мырзақұл қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтып кетті.