Архив событий

23/10/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өткізілді

23/10/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 22 қазан 2014 жылы «Рика ТВ» телекомпаниясы тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізілді

Брифингте судья Е.Ж.Махметов әкімшілік сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-3 бабының 2-бөлімімен азаматша А.С.Биисоваға қатысты қаралған іс бойынша мәлімет берді.

Полиция қызметкерінің талаптарына қасақана бағынбаған

23/10/2014

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 355 бабының  2 бөлігімен Комсомол ауданының тұрғыны А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Істің мән-жайына сай, 2014 жылғы 19 қазанда, Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылының тұрғыны азамат А. арақ ішкен мас күйінде полиция қызметкерінің заңды талаптарына қасақана бағынбай, оның ескертулеріне қарсылық білдіріп, тіл тигізіп, лас сөздермен балағаттағаны үшін жауапкершілікке тартылып,

Сот қаулысымен аз.А. ҚР ӘҚБтК-нің 355 бабының  2 бөлігімен  кінәлі деп танылып 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Көлік басқаруға құқығысыз көлік басқарған

23/10/2014

Ойыл аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 8 бөлігімен аз.У. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарға сай, аз.У. 2014 жылдың 18 қазанында Ойыл ауданы Кемер ауылының көшесінде  көлік басқаруға құқығы жоқ  адам бола тұра «Беларусь»  маркалы тракторын арақ ішкен мас күйінде басқарып, жол қозғалысы ережесінің 2.7.1. бабында көзделген заң талаптарын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекет жасаған.

Авторлық құқықты бұзған

23/10/2014

Байғанин аудандық сотында ҚР ҚК-нің 184-бабының бөлігінің «в»  тармағымен азамат М. қатысты қылмыстық іс қаралды.