Шетел азаматтары әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен

Қытай Халық Республикасының 2 азаматтарына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарға сай, Қытай Халық Республикасының 2 азаматтары  Қазақстан Республикасына  29 маусым 2014 жылы «Алматы-075» бақылау бекеті арқылы кіріп, көші-қон карточкасына 2014 жылдың шілде айының 03-нен 28-не дейін Мұғалжар ауданы, Жаңажол мұнай кен орнына уақытша тіркеуге тұрып, сол жерде жұмыс жасаған. Алайда, құқық бұзушылар өздерінің Қазақстан Республикасында болу мерзімінің біткеніне қарамастан, мерзімін ұзартпай, белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтарып, 2014 жылғы 18 қазанда жергілікті уақытпен сағат 20.00-дер шамасында Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосының тұсындағы «Атырау-Ақтөбе» тас жолының бойында «Opel» маркалы көлігінде келе жатқанында полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыларға  Қазақстан Республикасы ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 74 080 (жетпіс төрт мың сексен) теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі