Архив событий

22/10/2014

Ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

22/10/2014

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында  ҚР ҚК-нің 259 бабының  2-1 бөлімімен аз.С.  қатысты үкім жарияланды.

Қылмыстық іс құжаттарына қарағанда, аз.С. есірткі заттарды пайдалану күйінде ауыр қылмыс жасау мақсатымен заңсыз сақтау есірткі өнімдерін ірі мөлшерде, біле тұра заңсыз есірткі заттарын сақтаған. Сонымен қатар, есірткі заттарды заңсыз аса ірі мөлшерде сақтаған.

Содан кейін 2014 жылдың 02 маусым айында, жедел іздестіру шаралары кезінде  Ақтөбе қаласы, Снайперская көшесі, үйдің ауласында  полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жөнінде ХАБАРЛАМА

22/10/2014

Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді ықпалдастығы – бұл қоғам мен азаматтардың мүдделерін күзетудің өркениетті қызметтестігінің моделі. Сот қызметінің басым бағыты сот ақпаратына қол жетімділік және ашықтық қағидатына сәйкес істерді қарау болып табылады. Соттардың күрделі қызметін, судьялардың жеке басының қасиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше.

Бұлтартпау шарасы санкция берілді

22/10/2014

Хромтау аудандық сот кеңсесінде ашық сот мәжілісінде Қазақстан Республикасы ҚК - нің 103 - бабының 3 - бөлігімен айыпталған аз.Т. қатысты сот алдында қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру өтінішін қарады.

Сот талапты толық қанағаттандырды

22/10/2014

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер жеке кәсіпкер К. 14 282 442тг қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды

Талапкердің уәждесі бойынша, жауапкермен 14.09.2006 №249ДБЗ/06/240С/06 банктік заем шарты жасалынды. Шарт бойынша қарыз алушыға шаруашылығына 65 000 АҚШ доллар табыс етілген. Келісім шарт бойынша жауапкер ай сайын несиесін өтеу міндетті болатын, алайда жауапкер тарапынан несие қарызы өтелмей, сонын салдарынан 14 282 443 қарыз жинақталған.

Талапкер өкілі сот отырысында талап арызды қолдап, талап арызды қанағаттандыруды сұрады.

Бітімгершілік келісімді бекітті

22/10/2014

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономиялық сотында "СА" ЖШС "СК К-С" ЖШС-нен 3 850 000тг қарыз және 288 750тг тұрақсыздық өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісім шартты бекіту туралы өтініш білдірді.

Бітімгершілік келісім шарты бойынша жауапкер "СК К-С" ЖШС  3 850 000 теңге қарызын және 155 000 теңге мемлекеттік баж салығын, өкілдік қызмет көрсеткендігі үшін 100 000 теңгені қайтаруға тиіс.

Өз кезегінде талапкер "СА" ЖШС 288 750 теңге тұрақсыздықты өңдіруден бас тартуға келісті.

Шалқар аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен брифинг пен баспасөз мәслихаты өткізді

22/10/2014

Шалқар аудандық сотының мамандары «Шалқар» газетінің тілшісі Сағынбек Ұлықпановтың қатысуымен брифинг пен баспасөз конференция өткізді. Брифингте Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы А.Болысбай 2014 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар бас маман Н.Ерниязова Медиация туралы және Жаңадан қабылданған кодекстер туралы қысқаша баяндама жасады. Ал, бас маман А.Бекмурзина Шалқар аудандық сотында А.