Жол белгісінің талабын орындамағаны үшін жауапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өзіне қатысты іс қозғалған азамат Ж-ның өтініші бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601 бабының 2-бөлімі (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап сақтамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат Ж. 2017 жылғы 11 сәуірде Ақтөбе қаласында, шамамен 13 сағат 00 минутта, Уалиханов көшесіндегі «Дантист» стомотологиясының қарсысында «Toyota» автокөлігін басқару барысында жол белгілерінің «Тұруға тыйым салынады» талабын орындамаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат Ж. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 22690 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі