Заңсыз сақталған қару тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен С.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды. (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы)

Істің құжаттарына сәйкес, 2017 жылғы 04 шілдеде сағат 11.30-дар шамасында Шалқар ауданы, Тоғыз ауылына қарасты жер учаскесінде ,   Арал ауданының тұрғыны   С. ішкі істер органдарында тіркелмеген   16 калибрлі, тегіс ұңғылы, қос ауызды №160695 санды аңшы мылтығын заңсыз сақтағандығы үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 45 380 теңге айыппұл салынып, аңшы мылтығы тәркіленді.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі